Тағы алты кенші жарақат алды.
Фото: istocphoto.com
ERNUR.KZ. Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясында шахта опырылып, екі адам қаза тапты. Тағы алты кенші жарақат алды. Бұл туралы Report агенттігі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады baq.kz.
Оқиға Арғанжхва ауданында болған. Шахта опырылған сәтте бір топ кенші жергілікті алтын кенішінде жұмыс істеп жатқан.
Өңірлік полиция өкілі Эхсанулла Камгардың айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандардың денелері тікұшақпен провинцияның әкімшілік орталығы Файзабад қаласындағы ауруханаға жеткізілген.


