Санкт-Петербургте автоколоннаның басшысы ұсталды

0
405

Ресейдің Тергеу комитеті Санкт-Петербургте өзенге құлаған автобус жүргізушісіне бірнеше күн бойы қажетті демалу уақыты берілмегенін жариялады.


Санкт-Петербургте автоколоннаның басшысы ұсталды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербургте автобус апатына қатысы бар күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Санкт-Петербургте автобустың өзенге құлауы салдарынан адам өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша "Такси" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автоколоннасының басшысы ұсталды.

"Адамдарды тасымалдауды ұйымдастырған "Такси" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автоколоннасының басшысы күдікті ретінде ұсталды. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған тұлғаға еңбек және көлік тәртібін, оның ішінде "Такси" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауды қадағалау міндеті жүктелген", - деп мәлімдеді РФ Тергеу комитеті.

Сондай-ақ Ресейдің Тергеу комитеті Санкт-Петербургте өзенге құлаған автобус жүргізушісіне бірнеше күн бойы қажетті демалу уақыты берілмегенін жариялады.

Бұған дейін Санкт-Петербургте автобус өзенге құлап кеткені хабарланған болатын. Жеті адам қайтыс болды.