Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионаты алдында алкогольге салынған тыйымды алып тастайды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясы 2026 жылы алкоголь өнімдерін сату мен тұтынуға рұқсат береді. Мұндай өзгеріс футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатын және басқа халықаралық шараларды дайындау аясында жүзеге асырылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алкоголь тек арнайы аймақтарда сатылады
Алкоголь тек белгілі бір жерлерде – негізінен қонақ үйлерде, курорттарда және туристерге арналған аудандарда сатылатын болады. Шамамен бас-аяғы 600 орын бөлінеді деп күтіліп отыр. Сатып алушыларға сыра, шарап және сидр ішімдіктерін алу мүмкіндігі беріледі. Алайда, күшті алкогольдік ішімдіктерге әлі де тыйым салынған.
Алкогольді тұтыну шектеулері мен жауапкершілік
Алкогольді үйлерде, дүкендерде және қоғамдық орындарда ішуге рұқсат жоқ. Заң бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылғанымен, оның мөлшері әлі нақтыланбаған.
Vision 2030 аясындағы реформалар
Бұл шаралар Сауд Арабиясының экономикасын дамытуға бағытталған ұлттық жоспар – Vision 2030-дың бір бөлігі. Ресми өкілдердің айтуынша, бұл туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Алкоголь сататын алғашқы дүкен ашылды
2024 жылдың қаңтарында Эр-Риядтағы дипломатиялық ауданында елдегі алғашқы алкоголь дүкені ашылды. Мұнда тек шетелдік дипломаттар мен елшілер спирттік ішімдіктерді сатып ала алады. Бұған дейін 1952 жылдан бері алкогольге толық тыйым салынған болатын.