26 ақпанда Фейсал бен Фархан Әл Сауд Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының СІМ басшысы Фейсал бен Фархан Эр-Рияд Украинаға 410 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.
Бұл туралы Сыртқы істер министрі украин басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу барысында айтты.
"Патшалық Ресей-Украина дағдарысының бейбіт жолмен шешілгенін қалайды. Барлық тараптармен дағдарысты реттеу мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырамыз", - деді араб министрі.
26 ақпанда Фейсал бен Фархан Әл Сауд Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл оның елдер арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі Украинаға алғашқы ресми сапары. Эр-Рияд пен Киевтің өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі болды, оның аясында Украина әріптесінен мұнай өнімдерін алады.