Сауд Арабиясының кенішіне жасалған шабуылдан соң мұнай қымбаттады

0
801

14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай кеніштеріне дроннан шабуыл жасалған.


Сауд Арабиясының кенішіне жасалған шабуылдан соң мұнай қымбаттады

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының мұнай зауытына жасалған шабуылдан кейін әлемде мұнай бағасы күрт қымбаттады. 16 қыркүйекте ашық саудада Brent маркалы мұнай бағасы 19 пайызға қымбаттап, барреліне 71,95 долларға жетті. BBC Business дерегінше, WTI маркалы мұнайы 15 пайызға өсіп, баррелі 63,34 доллар болды, деп жазады Азаттық.

Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Сауд Арабиясының мұнай зауытына жасалған шабуылға жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

«Сауд Арабиясының мұнай тасымалдауы шабуылға ұшырады. Бұл шабуылдың артында кім тұрғанын болжап отырмыз. Егер расталса, дайын отырмыз. Бірақ Сауд Арабиясынан күдіктілер жайлы ақпарат күтеміз және бірге қалай әрекет ететінімізді шешеміз» деп жазды Трамп Twitter желісінде.

15 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының мұнай өндірісіне жасалған дрон шабуылына Иранды айыптаған. Әзірге Тегеран бұл мәлімдемеге жауап берген жоқ.

14 қыркүйекте Сауд Арабиясының мұнай кеніштеріне дроннан шабуыл жасалған. Осыдан кейін елдегі мұнай өндірісі күніне 5,7 миллион баррельге төмендеп кетті.