Демалушы серфингпен айналысып жүрген. Су бетінде сырғанап жүргенде қасына азулы акула келіп қалады. Қорқып кеткен серфер өзінің қалайша жыртқыш балықты шап беріп ұстап алғанын байқамаған.
ERNUR.KZ. Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы жағажайда демалып жатқандардың бірі қорыққанынан судағы акуланы жағаға алып шықты, деп жазады lenta.ru.
Демалушы серфингпен айналысып жүрген. Су бетінде сырғанап жүргенде қасына азулы акула келіп қалады. Қорқып кеткен серфер өзінің қалайша жыртқыш балықты шап беріп ұстап алғанын байқамаған.
«Қазір айтсам күлкілі ғой, бірақ сол сәтте менде ұстап алсам, ең болмаса аузының қайда екенін білемін ғой деген ой ғана болды», - ол.
Акуламен айқасқан серфер оны жағаға сүйреп шығарып, өзі аман құтылған. Қорқынышты оқиғадан соң өлген акуламен суретке түскен ол жыртқыштың бойы өзінің бойымен бірдей екендігін де айтады.