Сеул соты Оңтүстік Корея экс президентінің құрбысын 20 жылға соттады

0
1 412

​Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің құрбысы 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Чхве Сун Силь елдің іскерлік және этикалық беделіне нұқсан келтірген коррупциялық даудың нысаны болған.


Сеул соты Оңтүстік Корея экс президентінің құрбысын 20 жылға соттады

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің құрбысы 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Чхве Сун Силь елдің іскерлік және этикалық беделіне нұқсан келтірген коррупциялық даудың нысаны болған. Прокурорлар оған 25 жыл жаза кесуді сұраған болатын. Оған «қысым жасау», «пара алу», «президентпен қарым-қатынасын жеке мақсатына пайдалану» секілді айыптар тағылған еді. Сеулдың орталық әкімшілік аймағының соты Lotte Group Син Дон Бинді де парақорлықта айыпты деп тауып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды және оны тез арада тұтқындауға ордер берді.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе 2017 жылдың наурыз айында қызметтен шеттетілген болатын. Оның мәселесі де сотта қаралып жатыр.