Тергеушілер Юн Сок Ёль өзіне қатысты дәлелдемелерді жоюы мүмкін деп алаңдайды.
ERNUR.KZ. Сеулдың Батыс аудандық соты Оңтүстік Корея президентін қамауға алу туралы шешім шығарды, деп жазады 24.kz.
Тергеушілер Юн Сок Ёль өзіне қатысты дәлелдемелерді жоюы мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы жергілікті Рёнхап агенттігі хабарлады.
Қамауда ұстау мерзімі 20 күн. Ал 10 күннен кейін, жемқорлықты тергеу басқармасы күдіктіні прокуратураға тапсырады. Кейін орган тергеуді жалғастырып, қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін оған айып тағады.
Юн Сок Ёль өзінің билігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті деп танылып, былтыр парламент оған импичмент жариялаған. Сөйтіп оның елдегі өкілеттігі тоқтатылды. Конституциялық сот оның қызметтен кету процесін мақұлдамайынша бұл жағдай жалғасады.