Шетелдегі Түркия азаматтары сайлауға дауыс бере бастады

0
1 328

Шетелде тұратын, дауыс беру құқығы бар үш миллион түркиялық 7 маусымнан 19 маусымға дейінгі аралықта дауыс береді. Үш миллион түркиялықтың жартысына жуығы Германияда тұрады. Бұл елде 13 қалада Түркия азаматтары дауыс беретін сайлау учаскесі ашылған. Сырттағы үш миллион адам - Түркияда дауыс беру құқығы бар азаматтардың бес пайызын құрайды.


Шетелдегі Түркия азаматтары сайлауға дауыс бере бастады

Шетелде тұратын Түркия азаматтары Түркияда 24 маусымда өтетін президент және парламент сайлауына ерте дауыс бере бастады, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Шетелде тұратын, дауыс беру құқығы бар үш миллион түркиялық 7 маусымнан 19 маусымға дейінгі аралықта дауыс береді. Үш миллион түркиялықтың жартысына жуығы Германияда тұрады. Бұл елде 13 қалада Түркия азаматтары дауыс беретін сайлау учаскесі ашылған. Сырттағы үш миллион адам - Түркияда дауыс беру құқығы бар азаматтардың бес пайызын құрайды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған биыл 18 сәуірде елде кезектен тыс президент және парламент сайлауы өтетінін жариялаған. Сайлау заң бойынша, 2019 жылы қарашада өтуі тиіс болған.

Сарапшылар сайлау президенттің құзыретін күшейтіп, премьер-министрдің өкілетін шектеу мақсатында ерте өткізіліп отыр деп болжайды. Былтыр Түркияда референдум өтіп, конституцияға президенттік басқару формасын күшейтетін 18 өзгеріс енгізілген.

Құқық қорғаушылар Режеп Тайып Ердоғанды 2016 жылы жазда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау бүлігін өзгеше ойлайтындарды басып-жаныштау үшін қолданады деп айыптайды.