Michelin мен General Motors желсіз шина шығармақ. Жаңа резеңкенің прототипі биыл сынақтан өтеді.
ERNUR.KZ. Жуырда "Мишлен" мен Genaral Motors нарыққа 2024 жылы шығады деп жоспарланған жеңіл көліктерге арналған UPTIS (Unique Punctureproof Tire System) шиналарын әзірлеу бойынша келісімге келді, деп жазады zakon.kz.
Дөңгелектер АҚШ-тағы Мичиган штатында Chevrolet Bolt EV электрокарына қойылып шынайы жағдайда тексеріледі.
UPTIS қазіргі жеңіл автокөліктердің салмағына, жылдамдығы мен қарқынына төзуге мүмкіндік беретін жаңа композитті материалдардан жасалған. UPTIS тесілмейді және қысымы азаймайды.
Бұл өз кезегінде жолдағы қауіпсіздікті арттырады.