Шошқаға «үйленген» қытай жігітін полиция жазалады

0
447

Оқиға қыркүйек айының басында болған.


Шошқаға «үйленген» қытай жігітін полиция жазалады

ERNUR.KZ. Қытайдың Хэнань провинциясында жас жігіт шошқамен салтанатты той жасады. Оның үйлену тойын видеоға түсіріп, ғаламторға жариялағаны үлкен дау тудырды, деп жазады inform.kz.

The Paper басылымының хабарлауынша, оқиға қыркүйек айының басында болған.

Қытайдың әлеуметтік желілерінде көп адамдар жас жігіттің әрекетін «әлеуметтік тәртіпке нұқсан келтіреді» деп сынап, ашулы пікірлер қалдырды.

Кейбір қытайлық желі қолданушылары бейнеролик жасаушыларды жұрттың назарын өзіне аудару үшін адамгершілік құндылықтарын аяқасты етті деп сынға алды.

9 қыркүйекте оқиға болған жердің полициясы журналистерге тойға қатысқан тараптар жазаланғанын хабарлады.

— Мұндай әрекет көпшілікті шуылдатып, халықтың назарын аударып, ақырында интернет арқылы қандай да бір пайда табуды көздейді. Бұған қатысы барларға жаза қолданып қойғанбыз, — деді Қытай полиция қызметі.