Сирияда жүздеген ресейлік әскерилердің қазасы туралы алғашқы ресми мәлімдеме жасалды

0
1 272

Бұл Сирияда ресейлік әскерилердің көптеп қаза болғанын растаған Вашингтон тарапынан алғашқы мәлімдеме. АҚШ мемдепартамент басшысы қызметіне үміткер Помпео бұл оқиғаға қысқаша тоқталып, ресейліктермен болған қандай қақтығыс екенін нақтылаған жоқ.


Сирияда жүздеген ресейлік әскерилердің қазасы туралы алғашқы ресми мәлімдеме жасалды

АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының директоры қызметінен кетіп жатқан Майк Помпео Сирияда жүздеген ресейліктің қаза болғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

"Бірнеше апта бұрын ресейліктер лайықты тойтарыс алды. Екі жүздей ресейлік өлтірілді", - деді бейсенбі күні Помпео АҚШ Сенатында халықаралық қатынастар мәселесі туралы тыңдалым кезінде.

Бұл Сирияда ресейлік әскерилердің көптеп қаза болғанын растаған Вашингтон тарапынан алғашқы мәлімдеме. АҚШ мемдепартамент басшысы қызметіне үміткер Помпео бұл оқиғаға қысқаша тоқталып, ресейліктермен болған қандай қақтығыс екенін нақтылаған жоқ.

«ОББ директоры 7 ақпан күні Сирияның әскери күштермен бірлесіп, Евфрат өзеніндегі Conoco мұнайлы алқаптар мен мұнай өңдеу зауытын басып алмақ болғанда халықаралық коалиция соққысына ұшыраған жекеменшік деп айтылып келген Вагнер әскери компаниясының қызметкерлері туралы айтқан болуы ықтимал», деп жазады басылым.

Ақпан айында бұл оқиғаға түсінік бере келе РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова бес адамның қазасы туралы айтып, «100-200 адам деген "классикалық дезинформация" деген болатын. Әрі, ол өлгендердің әскери қызметкер емес екенін атап өткен еді.