Словакияда ірі жол апатынан 12 адам қаза тапты

0
675

Бұл құрбандар саны жағынан соңғы он жылдағы ең ірі көлік апаты болып отыр.


Словакияда ірі жол апатынан 12 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жүк көлігі жолаушы автобусымен соқтығысып, қоғамдық көлік аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл құрбандар саны жағынан соңғы он жылдағы ең ірі көлік апаты болып отыр. Ішкі істер министрі Денис Саковтың айтуынша, жүк көлігі артық жүк тиеген болуы мүмкін. Осы оқиғаға байланысты ел премьер-министрі Петер Пеллегрини өзінің Кипрдегі ресми сапарын бір күнге ерте аяқтап, зардап шеккендердің халін білу үшін ауруханаға баратынын мәлімдеді.