Ол Ханой саммитін дұрыс ұйымдастырмады деп айыпталған.
ERNUR.KZ. АҚШ бойынша өкіл мен бірге Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің тағы алты қызметкері атылған. Оларға АҚШ пайдасына жұмыс істеді деген айып тағылды, деп жазады sn.kz.
Солтүстік Кореяның АҚШ бойынша арнайы өкілі Ким Хёк Чхоль Ханойдағы Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның келіссөздерін дұрыс ұйымдастырмағаны үшін өлім жазасына кесті. Бұл туралы оңтүстіккореялық The Chosun Ilbo Пхеньяндағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен бірге, Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің тағы алты қызметкері атылған. Оларға АҚШ пайдасына жұмыс істеді деген айып тағылды.
Бұдан бөлек бірнеше адам түзету лагерьлеріне қамалды. Олардың қатарында Ким Чен Ынның жеке аудармашысы да бар.
Естеріңізге сала кетейік, Ким Чен Ын мен Дональд Трамп келісімге қол жеткізбестен кездесу алаңынан кетіп қалған болатын. Осыдан кейін Ақ үй басшысы АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қатысты санкциялары өз күшінде қалады деп мәлімдеді.