Әлемде коронавирус індеті қайта өршіп барады.
ERNUR.KZ. ДДСҰ дерегіне сүйенсек, 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында аталған инфекцияны 850 мыңнан астам адам жұқтырған, деп жазады zakon.kz.
Бұл көрсеткіш алдыңғы 4 аптамен салыстырғанда 52%-ке көп. Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, ал өлім-жітім көрсеткіші үш есе өскен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і қайтыс болған.
Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.