Дәл қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Түрік шекарашылары қызды чемоданға салып өтпек болған 24 жастағы Грузия азаматын ұстады, деп жазады sputniknews.kz.
Жағдай "Сарпи" өткізу пунктінде болды. Шекарашылар кеден мен паспорт тексерісінен өтіп келе жатқан жас жігіттің үлкен чемоданына назар аударады.
Кейін чемоданды ашып қарағанда ішінен әйел адам шығады. Ол – 27 жастағы Өзбекстан азаматы.
Агенттіктің хабарлауынша, оған Түркияға кіруге тыйым салынған.
Дәл қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.