«Тақтар ойыны» сериалының актеры коронавирус жұқтырды

0
996

Қазіргі уақытта ол отбасымен бірге үй изоляциясына алынды.


«Тақтар ойыны» сериалының актеры коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Норвегиялық актер, «Тақтар ойыны» сериалындағы рөлімен танымал Кристофер Хивьюдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Хабар24.

Қазіргі уақытта ол отбасымен бірге үй изоляциясына алынды.

«Өкінішке орай бүгін менің коронавирусқа тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Отбасыммен бірге үйде оқшауланамыз. Біздің денсаулығымыз жақсы, менде салқын тиюдің белгілері бар», - деп жазды актер Instagram парақшасында.


Вирустың таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

«Біз бірігіп бұл вирусты жеңіп шыға аламыз. Өтінемін, бір-біріңізге қамқор болып, арақашықтық сақтаңыздар. Дендеріңіз сау болсын!», - деп жазды.