Тәліптер америкалық ұшақтар мен зымырандарды басып алды

0
799

Бұл оқиға Пентагонның алаңдаушылығын туғызды.


Тәліптер америкалық ұшақтар мен зымырандарды басып алды

ERNUR.KZ. "Талибан" қозғалысы (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) бірнеше америкалық ұшақтарды, әскери тікұшақтар мен танкке қарсы зымырандарды басып алды, деп жазады zakon.kz.

Белгілі болғандай, бұл оқиға Пентагонның алаңдаушылығын туғызды. Телеарнаның хабарлауынша, тәліптер басып алған қаруды жою туралы шешімді әлі қабылдамапты.

Тәліптерге тікұшақтар мен ұшақтарды қолдану қиын болуы мүмкін, өйткені ұшқыштары жоқ әрі техникалық қамсыздандыру жағы да оларға қолжетімді емес, - дейді олар.

Америка Құрама Штаттары эвакуация процесінің аяқталуын күтіп отыр. Содан арнайы операция жайы қарастырылады, соның ішінде әскери қоймаларға соққы беру де бар.

Америка әскерінің өңірден кетуіне байланысты көтерілісшілер шабуылға шығып, жиырма жылдық соғыстың аяқталғанын жариялап, барлық ірі қалаларды басып алды. Басқару формасы жақын арада белгілі болады.