Ауруханаға барар жолда оның жүрегі үш рет тоқтаған.
ERNUR.KZ. Әнші, фотограф әрі жарнама директоры Метин Аролат Ыстамбулдағы концерт кезінде сахнада өзін жайсыз сезініп, кейін қаза тапты. Бұл тұралы "Hurriyet" газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Басылымның хабарлауынша, 52 жастағы әртіс спектакль кезінде өзін нашар сезініп, үзіліс жариялады. Сахна артында ол көйлегін шешіп, сол қолы ауырып жатқанын айтты. Біраз демалғаннан кейін әнші өзін жақсы сезініп, сахнаға қайта шығады, алайда ол көп ұзамай көрермендердің көз алдында есінен танып қалды.
Алғашқы көмекті залда болған медбике көрсетті. Содан кейін әртісті ауруханаға жеткізуге тырысты. Жолда жүрегі үш рет тоқтап қалды. Клиникада дәрігерлер әншінің қайтыс болғанын хабарлады.