Ыстамбұлда шоу-бизнес өкілдерін қамтыған ауқымды тергеу жүріп, күдіктілер саны жиырмадан асты.
Фото: sozcu.com.tr
ERNUR.KZ. Түркияда есірткінің заңсыз айналымына қатысты тергеу аясында танымал актер, «Қызыл шербет» сериалында Фатихтің образын сомдаған Догукан Гюнгер ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Актер Ыстамбұл қаласында Бас прокуратура жүргізіп жатқан арнайы операция барысында қолға түскен.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, бұл іс бойынша барлығы 24 адам күдікке ілінді. Олардың арасында шоу-бизнес өкілдері де бар. Тергеу органдары ұсталғандарға есірткі заттарын сатып алу, сақтау және пайдалану баптары бойынша айып тағуы мүмкін.
Прокуратура өкілдері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін қылмыстарды тергеу «табандылықпен әрі мұқият» жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Билік есірткінің заңсыз айналымымен күрес мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Бұған дейін қазан айында Түркияда есірткі тасымалы мен контрабандасына қарсы операциялар кезінде бірқатар танымал тұлғалардың ұсталғаны хабарланған еді. Олардың қатарында әншілер Хадисе мен Симге Сағын, блогерлер Дилан Полат пен Энгин Полат, актриса Демет Эвгар және актер Құбылай Ака бар.


