Бұрын істі болған 41 жастағы азамат өзімен бірге тұратын келіншекпен ішімдік ішкен.
ERNUR.KZ. Ташкентте ер-азамат жанжал барысында өзімен бірге тұратын келіншектің төрт жасар қызын төртінші қабаттан лақтырып жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өзбекстан Бас прокуратурасы мәлімдегендей, 20 желтоқсан күні түнгі 01:30 шамасында бұрын істі болған 41 жастағы азамат өзімен бірге тұратын келіншекпен ішімдік ішкен. Мирзо-Улугбек ауданы Шахрибод көшесінде тұратын олар алкоголь әсерімен ұрыса бастаған. Нәтижесінде ер-азамат келіншектің төрт жасар қызын 4- қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Бүлдіршін оқиға орнында қаза тапқан.
Аталған фактіге сәйкес Мирзо-Улугбек ауданы прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Қазір күдікті қолға түсті.