Ташкентте милицияларға көше сыпыртқызып жатыр

0
1 502

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Ташкент қаласының Шайхантахур аудандық ІІБ-нің қызметкерлері ел астанасының көшелерін тазалауға күштеп шығарып жатқандарын айтып шағымдануда.


Ташкентте милицияларға көше сыпыртқызып жатыр

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Ташкент қаласының Шайхантахур аудандық ІІБ-нің қызметкерлері ел астанасының көшелерін тазалауға күштеп шығарып жатқандарын айтып шағымдануда, деп жазады CA-NEWS (UZ).

Шайхантахур ІІБ қызметкерлерінің айтуынша, сержанттар мен қатардағылар бір ай бойы Ташкент қаласының «Обиназар» орамын еріксіз тазартуға мәжбүр. Мәжбүрлі түрде жұмыс істеуге жасы 40-тан асқан ІІБ қызметкерлері ғана тартылмайтын көрінеді.

«Әр ауысымда 10 қызметкер көше тазалауға шығады. Ол үшін қызметкерлер жай киім шығады. Қолымызға күрек пен кетпен береді. Шөп шауып, қураған ағаштарды кесеміз. Кімге шағым айтарымызды білмейміз, көмектесіңіздер», - дейді атын атамауды жөн көрген милиция қызметкері.

Бөлімнің келесі бір қызметкері көше тазарту жұмысының кесірінен үй бетін 34-35 сағат көрмейтінін айтқан. Көше тазалауға шыққандардың арасында ораза тұтып, ауыз бекіткендер де бар.

Шайхантахур ауданы ІІБ-нің подполковник шеніндегі басшыларының бірі қызметкерлердің қала аумағын таза ұстау мақсатында қоғамдық жұмысқа тартылып жатқандығын, тек ІІБ қызметкерлері ғана емес басқалар да бұл жұмысқа атсалысып жатқандығын мәлім еткен.