Ешқандай қызметті шақырудың қажеті болмаған.
Фото: uznewstube
ERNUR.KZ. Ташкентте 28 қазан күні таңертең 09:00 шамасында ер адамның төсегінде жатқан Power bank жарылып, өртеніп кетті. Ер адам ұйықтап жатқан кезде құрылғының отқа оранып кеткенін байқайды. Ол дер кезінде оянып, өртті сөндірді, деп жазады stan.kz.
Оқиғаға қатысты хабарлаған тұрғынның айтуынша, ешқандай қызметті шақырудың қажеті болмаған. Себебі ол өртті өз күшімен сөндірді. Қауіп төндіретін жарақаттар немесе зақым алмаған.
Келеңсіз оқиға өндіруші компанияның назарынан тыс қалмады. Компания жағдайды зерттеп, келтірілген зиянды өтеуге дайын екенін білдірді. Қазір өтемақы шарттары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.