Тәжікстанда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

0
200

​Жер сілкінісінің ошағы 190 шақырым тереңдікте орналасқан.


Тәжікстанда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Бүгін, 23 қыркүйекте Тәжікстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады baq.kz.

Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 10:46-да (Гринвич бойынша 05:46) Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі 37,90 градус солтүстік ендік, 71,93 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,7. Энергетикалық класы – K=11,35. Ошақтың тереңдігі – 190 шақырым.