Семейде 4 қарашада жоғалып кеткен 44 жастағы Ринат Ахметов іздестіріліп жатыр.
фото:
ERNUR.KZ. Бес күннен кейін оның Lexus LX 570 автокөлігі Бородулиха ауданындағы жырадан табылды. Ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Абай облыстық полиция департаменті 1982 жылы туған Ахметов Ринат Рафиковичтің 2026 жылғы 4 қарашада үйінен шығып кеткенін хабарлады. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
7 қарашада "102" арнасына ер адамның 69 жастағы әкесі хабарласып, ұлын іздеуге көмек сұраған.
9 қарашада іздестіру шаралары барысында Бородулиха ауданы Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі жырадан жоғалған адам мінген Lexus LX 570 автокөлігі табылды, деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері іздестіру және жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда.
Полиция Ринат Ахметовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпараты бар немесе 4 қарашадан бері оны немесе аталған көлікті көрген жандардан 102 телефонына хабарласуды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне баруды сұрайды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әлі күнге дейін 1990-жылдардан бері іздестіріліп жатқан адамдар бар. Кейбірінің жоғалғанына 30 жылдан асса да, олардың есімдері әлі де іздеу базасында тұр.


