Тәжікстанда жер сілкінісі салдарынан 17 ғимарат пен 1 мектеп қирады

0
387

​Жер сілкінісінің эпицентрі Рашт ауданында орналасқан.


Тәжікстанда жер сілкінісі салдарынан 17 ғимарат пен 1 мектеп қирады

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Тәжікстанның шығысында болған жер сілкінісі салдарынан 17 тұрғын үй мен бір мектеп жартылай қирады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 09:24-те (Астана уақытымен 10:24) тіркелген. Эпицентрі Душанбе қаласынан 160 шақырым солтүстік-шығыста, Рашт ауданында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы эпицентрде – 5 балл, ал Душанбе қаласында – 4 балл болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 17 тұрғын үй мен бір мектептің ғимаратына зақым келген.

Қазіргі таңда залалды бағалау үшін оқиға орнына ТЖК төрағасының орынбасары Хотамшо Латифзода бастаған арнайы комиссияжіберілді. Мамандар апат салдарын зерттеп, қажетті шараларды қолға алады.

Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.