Тәжікстанда жезөкшеге барушылар да жазаға тартылуы мүмкін

0
2 571

Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комитет өкілдері заң жобасын дайындауға қатысқанын мәлімдеді.


Тәжікстанда жезөкшеге барушылар да жазаға тартылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Тәжікстанда отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комитет коммерциялық секс қызметін ұсынушыларды ғана емес, соларға баратын ер азаматтарды да қатаң жазалауды ұсынды, деп жазады Азаттық.

Отбасы кодексіне енгізілуі мүмкін өзгерістер жобасында жезөкше үйлерін ұстаушылар мен сутенерлерді ата-ана құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасы тәжік парламентінің төменгі палатасында 11 қаңтарда қаралды. Құжат жақында мақұлдануы мүмкін.

Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комитет өкілдері заң жобасын дайындауға қатысқанын мәлімдеді.

Комитет төрайымы Хилолби Курбонзоданың айтуынша, жезөкшелер ғана емес, оларға барған ер азаматтар да кінәлі. Сол себепті шенеунік оларды да жазалау керек деп есептейді.


"Мұндай жағдай тәжік қоғамы үшін ұят нәрсе", - дейді комитет төрайымы.


Тәжікстанда жезөкшелік үшін қылмыстық іс қозғалмайды, әкімшілік айыппұл салынады. Жезөкше екінші мәрте ұсталса, айыппұл екі есе өседі немесе оны он бес тәулікке қамайды.