Тісін емдеуге барған ер адам комаға түсіп, қайтыс болды

0
1 104

17 жастағы студенттің тісі қатты ауырған.


Тісін емдеуге барған ер адам комаға түсіп, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ресейдің Росздравнадзор ұйымы Тыва республикасының тумас қайтыс болғаннан кейін мәскеулік "Все свои" тіс емдеу клиникасын тексеріп жатыр, - деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, 17 жастағы студенттің тісі қатты ауырған. Оның беті ісініп кеткен уақытта мәскеулік клиникалардың біріне қаралуға барған. Тіс дәрігері науқастың тісін жұлғаннан кейін, емдеу шараларын бастап, дәрілер жазып берген.

Клиникаға барғаннан кейін науқастан қан сауғалап қоймаған. Оны дереу ауруханаға жеткізіп, жасанды комаға түсірген. Дәрігерлер оған көмектесе алмады, ол тісін жұлғаннан кейін бір айдан соң ес жимастан қайтыс болды.

Қарашаның басында Росздравнадзор тергеу комитетімен бірлесіп Мәскеуде тіс емдеу клиникасы мен студент қайтыс болған аурухананы тексеріп жатыр.