ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы маусымда Душанбеде өтеді

0
333

Жиында әртүрлі салалар бойынша 17 мәселе қаралатын болады.


ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы маусымда Душанбеде өтеді

фото: Акорда

ERNUR.KZ. 5 маусымда Душанбеде ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы достастықтың бас хатшысы Сергей Лебедев Sputnik Беларуське берген сұхбатында айтты. Бүгін Минскіде ТМД тұрақты өкілдерінің отырысы өтіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Тұрақты өкілдер отырысында алты мәселе қаралады. Оның ішінде екі маңызды мәселе, бұл ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібі туралы. Кеңес 5 маусымда Душанбеде өтеді деп болжап отырмыз", – деді Лебедев.
Душанбе қаласы биыл ТМД-ға Тәжікстан төрағалық еткендіктен таңдалып отыр.
Жиында әртүрлі сала бойынша 17 мәселе қаралатын болады. Экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады, гуманитарлық сипаттағы мәселелер де талқыланады. Сондай-ақ үкімет басшылары ауыр өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын қарайды.
"Бұл өте маңызды келісім, ол ұзақ уақыт бойы дайындалды және бұл елдердің ауыр өнеркәсіп саласындағы бағыттарын үйлестіруге ықпал етеді деп үміттенеміз", - деді Лебедев.