Токиода химиялық зауыт өртеніп, адамдарды эвакуациялау жүріп жатыр

0
542

​Жапонияның астанасы Токиодағы халық көп шоғырланған Сумида ауданының билігі тұрғындарды сол жерде орналасқан шағын сабын және косметика зауытында болған өртке байланысты эвакуациялауға шақырады.


Токиода химиялық зауыт өртеніп, адамдарды эвакуациялау жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Өрттің ауданы 500 шаршы метрден асып, көрші үйлерге таралып үлгерген. Оқиға орнында 54 өрт сөндіру есебі жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz.

Оттың тұтанған сәтінде зауыт аумағында 13 адам болғаны анықталды. Олардың бірі түтіннен уланып қалды.

Біздегі мәліметтерге сәйкес, кәсіпорынның екінші қабатында химиялық заттар сақталған, сондықтан билік жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялауға шақырады. Осы мақсатта жергілікті мектептердің бірінде зардап шеккендерге төсек-орын дайындалды.