​Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

0
130


​Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

Фото: Anadolu

ERNUR.KZ. Дональд Трамп Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық ашпаса, елдің электр станцияларын «жойып жіберетінін» мәлімдеді. АҚШ президенті бұны өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында жариялады, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Егер Иран қауіп-қатерлерден бас тартып, Ормуз бұғазын осы сәттен бастап 48 сағат ішінде толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың түрлі электр станцияларын ең үлкенінен бастап жояды “, — деп жазды Трамп өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында.
Бұған дейін ол осы платформада АҚШ «Иранды картадан өшірді» деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Трамп Иран бойынша мақсаттарына жете алмады деген болжамдарды жоққа шығарды.

“ Иә, жеттік, тіпті жоспарланған мерзімнен бірнеше апта бұрын. Олардың басшылығының көзін құрттық, әскери-теңіз күштері мен әуе күштері күйреді, қорғанысы мүлде жоқ, енді олар келісім жасағысы келеді. Ал мен — жоқ “, — деп жазды.