Трампқа қоқан-лоқы көрсеткен Техас тұрғыны қамауға алынды

0
161


Трампқа қоқан-лоқы көрсеткен Техас тұрғыны қамауға алынды

фото: Jonathan Ernst

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатының Батыс округі прокуратурасының мәліметінше, Сан-Антонио қаласының 52 жастағы тұрғыны Роберт Эррера қамауға алынды. Ол әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты қастандықты қайталауға уәде берген, деп жазады BAQ.KZ.

Эррера Facebook әлеуметтік желісінде Трамптың Техасқа жоспарланған сапары туралы жаңалықтың астына «Мен бұл жолы өткізіп алмаймын» деп пікір қалдырып, сондай-ақ 2024 жылғы 13 шілдеде Пенсильванияда қастандықтан кейін АҚШ Құпия қызметінің агенттері қоршап тұрған президенттің суретін жариялаған.

Іс материалдарында көрсетілгендей, басқа бір әлеуметтік желі қолданушысы Эррераға ондай мүмкіндік болмайтынын жазған. Бұған Эррера «Мен сенің артыңнан барамын» деп жауап беріп, оған штурмдық винтовка мен оқжатарлардың фотосын тіркеген. Осыған байланысты тек жергілікті полиция ғана емес, АҚШ-тың Құпия қызметі де тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін неміс сатирашысы Себастиан Хотц (El Hotzo деген атпен танымал) 2024 жылы әлеуметтік желі X-те Трампқа жасалған қастандыққа қатысты қалжың жазбалары үшін сот алдында жауап беретіндігі хабарланған еді.