Турист жолжүгі үшін артық төлеуден қашып екі келі киімді үстіне киіп алған

0
386

Турист салмағы 20 келіге дейінгі жүк үшін шамамен 770 юань (48 мың теңгеден сәл асады) төлеуі керек болған.


Турист жолжүгі үшін артық төлеуден қашып екі келі киімді үстіне киіп алған

ERNUR.KZ. Қытайлық саяхатшы әуежайда қол жүгі үшін артық төлем жасамау үшін 2 келі киімді үстіне киіп алған, деп жазады tengritravel.kz.

Басылым мәліметінше, нәтижесінде қыз 20 киімді үстіне киген.

Оның Сианьнан Куала-Лумпурға ұшпақ болғаны және қол жүгі 7 келіден аспауы керек екені түсіндіріледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, турист салмағы 20 келіге дейінгі жүк үшін шамамен 770 юань (48 мың теңгеден сәл асады) төлеуі керек болған.

Алайда, бақылаудан өткен кезде ол киімдерін шешуге мәжбүр болады. Тексеруден кейін ол заттарын қайтадан қол жүгіне салып, ұшаққа отырған.