Түркіменстан билігі бюджет қызметкерлерін мақта теруге шығарды

0
2 797

Мақта теру 10 күнге созылады. Қызметкерлер тамағын, жататын жерін өздері қамтамасыз етуі тиіс.


Түркіменстан билігі бюджет қызметкерлерін мақта теруге шығарды

ERNUR.KZ. Түркіменстанның батысында мақта теруге теңіз портының қызметкерлері тартылды, деп жазады Zakon.kz.

Turkmen.news басылымының мәліметіне қарағанда, Түркіменбашы халықаралық теңіз портының қызметкерлері мақта теруге шығып жатыр.

Мақта теру 10 күнге созылады. Қызметкерлер тамағын, жататын жерін өздері қамтамасыз етуі тиіс.

Бірқатар қызметкерлер кадр бөліміне 300 манат (17 доллар) төлеп, мақта теруден бас тартқан. Бұл портта жұмыс істейтіндердің айлығының тең жартысы.

Халықаралық ұйымдардың сынына қарамастан, Түркіменстан мәжбүрлеп мақта теру тәжірибесінен бас тартқан емес. Биыл түркімен билігі 1 миллион 50 мың тонна мақта теруді жоспарлаған.