Түркия билігі коронавирустың жаңа штаммдарына байланысты әуе рейстері жаңа бұйрық шыққанға дейін тоқтатылатынын хабарлады.
ERNUR.KZ. Түркия коронавирустың жаңа штаммдары таралуына байланысты бірқатар елмен әуе байланысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
"Жаңа бұйрық шыққанға дейін Бангладеш, Бразилия, Непал, Үндістан, Шри-Ланка және Оңтүстік Африка Республикасымен әуе байланысы 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Бұл елдерден Түркияға ұшатын тікелей рейстерге тыйым салынады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар соңғы 14 күнде Бангладеш, Бразилия, Непал, Үндістан, Шри-Ланка және Оңтүстік Африка Республикасында болған туристер Түркияға келген кезде кемінде 72 сағат бұрын тапсырылған вирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест ұсынуға міндетті болады. Одан кейін туристер 2 аптаға карантинге жабылады.
Еске сала кетейік, біраз бұрын әлемнің 90 елінде үнді немесе Дельта штаммы анықталды. Бұл жаңа штамм Үндістанда пайда болды. Ол басқа штаммдарға қарағандай әлдеқайда қауіпті саналады.