Түркия Анкарадағы терактіден кейін Сирия мен Ирактағы күрдтер нысанына соққы жасады

0
243

32 нысан жойылған.


Түркия Анкарадағы терактіден кейін Сирия мен Ирактағы күрдтер нысанына соққы жасады

Фото: depositphotos.com /EvrenKalinbacak

ERNUR.KZ. Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы CNN Türk тиісті ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"2024 жылдың 23 қазанында Ирак пен Сирияның солтүстігінде террористік мақсаттарға қарсы әуе операциясы жүргізілді... 32 нысан жойылды", - делінген құжат мәтінінде.

Мәлімдемеде әуе күштерінің бұл әрекеттері Күрдістанның жұмысшы партиясының топтарын (Түркияда тыйым салынған) және басқа элементтерді бейтараптандыруға, азаматтар мен қауіпсіздік күштеріне террористік актілердің алдын алуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылған.

Әуе шабуылдары кезінде көптеген түрік қаруы қолданылғаны, бұл нысандарды жойғаны көрсетілген.

"Бұл операцияларды жүргізу кезінде бейбіт тұрғындарға, достық күштерге, тарихи және мәдени құндылықтар мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық шара қабылданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шабуыл сәрсенбіде Түрік аэроғарыштық компаниясы - Анкарадағы TUSAŞ зауытының аумағында болған. Түрік бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, алдымен куәгерлер кәсіпорын қақпасындағы жарылысты естіген, содан кейін атыс болған.