Түркия Газадағы жағдайға байланысты Израильмен ресми түрде қарым-қатынасты үзді

0
155

Сонымен қатар, Анкара Израиль дереккөздерінен Израиль әскери және қауіпсіздік қызметтерімен байланыс арналары бойынша келіссөздер жүргізілді деген ақпаратты жоққа шығарды.


Түркия Газадағы жағдайға байланысты Израильмен ресми түрде қарым-қатынасты үзді

Жасанды интеллект

ERNUR.KZ. Түркия Израильмен қарым-қатынасы толық үзілгенін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы жанындағы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы хабарлады.

Мәлімдеменің себебі - Израиль мен түрік БАҚ құралдарындf Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Израиль билігімен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру мақсатында болған байланысы туралы ақпарат болды. Түрік әкімшілігі бұл қауесеттерді үзілді-кесілді жоққа шығарды.

"Біздің президент Израиль билігіне қоңырау шалды деп айтуға негіз жоқ", – делінген орталықтың ресми түсіндірмесінде.

Сондай-ақ, мәлімдемеде Газадағы оқиғалар аясында Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас толығымен бұзылғаны аталып өтті. Түрік жағы Израильдің әрекеттерін "геноцид" деп сипаттады, бұл кез-келген байланыстың тоқтатылуына себеп болған.

"Түркия Газадағы әрекеттеріне байланысты Израильмен байланысын үзгеннен кейін қарым-қатынасты жақсарту үшін ешқандай қадамдар жасалмады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Анкара Израиль дереккөздерінен Израиль әскери және қауіпсіздік қызметтерімен байланыс арналары бойынша келіссөздер жүргізілді деген ақпаратты жоққа шығарды.