Түркия қарашаға дейін зәйтүн майын экспорттамайды

0
843

Бұл туралы Түркияның сауда министрлігі хабарлады.


Түркия қарашаға дейін зәйтүн майын экспорттамайды

ERNUR.KZ. Түркия билігі бағаның әлемдік өсуіне байланысты зәйтүн майын экспорттауды 1 қарашаға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Министрлік келесі егін жинау басталғанға дейін 2023 жылдың 1 қарашасына дейін бөтелкедегі және бөшкедегі зәйтүн майын экспорттауға қатысты қосымша шараларды енгізу туралы шешім қабылдады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сауда министрлігі Италия мен Испаниядағы құрғақшылыққа байланысты әлемде зәйтүн майының өндірісі 20%-ға төмендегенін атап өтті.