Жергілікті статқызмет дерегі бойынша, Түркия қазан айында алдыңғы аймен салыстырғанда ақшалай мәнде көмір, мұнай мен газды сатып алуды 25%-ға қысқартты.
ERNUR.KZ. Аталмыш тауарлар үшін Ресей компаниялары $3,7 млрд алды, деп жазады inbusiness.kz.
Түркияға ресейлік отын-жағармайды жеткізу (көмір, мұнай мен мұнай өнімдері, табиғи газ) 2022 жылдың қазан айында $3,7 млрд құрады - қыркүйек айымен салыстырғанда төрттен бірге қысқарған ($5 млрдқа жуық). Жалпы Ресейден келетін тауарлар импорты қазан айында $5 млрд жетпейді, ал қаңтар-қазан аралығындағы көрсеткіш - $50 млрд жуық.
Алайда жылдық көрсеткіште Ресейден әкелінген көмір мен көмірсутек жеткізілімі қазан айында 2,9 есе асқан (2021 жылы қазан айында $1,28 млрд болды).
Turkstat Ресейден импортталатын мұнай, көмір мен газдың жеке-жеке көрсеткішін келтірмеген.
Ресейден келетін "конфиденциалды" импорт қазанда $2,35 млрд ($3,8 млрд қыркүйек)құрады. Turkstat мәліметінше, мұндай импортқа шикі мұнай мен құбырлар арқылы келетін газ да жатқызылады. Ресей көктемде кеден статистикасын жариялауды тоқтатты, енді оның сыртқы сауда-саттығы жайында өзге елдер - серіктес мемлекеттер мәліметтерінен ғана білуге болады.
Мұнай-газ импортының азаюының факторлары.
S&P Global агенттігінің бағалауы бойынша, Ресейлік тауарларды сатып алушылардың арасында Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орындағы Түркия ресейлік мұнай импортын 12%-ға, 345 мың барр. дейін қысқартқан. Түркияның қазан айындағы шикі мұнайдың жалпы импорт көлемі (2,88 млн т — қыркүйекпен салыстырғанда 3%-ға аз) Ресей алдыңғы айда мұнайдың түркиялық импортының 50%-дан астамын қамтамасыз еткенін көрсетеді.