Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлім етті.
ERNUR.KZ. Түркияның солтүстік-шығысында ірі мұнай кен орны табылды, деп жазады ulysmedia.kz.
Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлім етті. Оның сөзінше, табылған кен орнындағы мұнай қорының құны шамамен 12 миллиард долларға бағаланады.
"Бұл 2022 жылы құрлықта ашылған ең ірі 10 кен орнының бірі", - деп жазды Анадолу агенттігі.
Маусым айында Түркияның Адана қаласында екі ұңғымадан мұнай табылды, оның қоры 1 миллиард долларға бағаланады.