Онда 2,5 миллион адам тұрады.
ERNUR.KZ. Жұма күні Түркияның батысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат түспеген, цунами қаупі жарияланған жоқ.
Орталықтың мәліметтері бойынша, эпицентр Измир қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан. Онда 2,5 миллион адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 5 км тереңдікте жатыр.