Түркияда ауруханаға қарулы шабуыл жасалды

0
954


Түркияда ауруханаға қарулы шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда аурухананың жедел жәрдем бөліміне қарулы шабуыл жасалды, салдарынан бес адам зардап шекті, олардың арасында полицей, әскери қызметкер және күзетші де бар, деп жазады Zakon.kz.




"Жеке басы әлі анықталмаған адамдардың қарулы шабуылы салдарынан бес адам жарақат алды", – деді журналистер.

Шабуыл кезінде аурухана ғимараты мен жедел жәрдем көлігіне зақым келген. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкері, жандармерия және жеке күзет қызметкері, сондай-ақ екі бейбіт тұрғын бар. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Шабуылдаушылар мінген көлік кейін жол бойынан табылды.