Түркияда автобус жарылды

0
629

Көлікте 30 кісі болған. Жарақат алғандар мен қаза болғандар бар.


Түркияда автобус жарылды

ERNUR.KZ. Түркияның батысындағы Бурса провинциясында тергеу изоляторының қызметкерлері мінген автобуста жарылыс болып, бір адам қаза тауып, көптеген кісі жараланды. Бір кісінің жағдайы ауыр, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Бурса губернаторы Йакуп Жанболат мәлімдеді.

Оның сөзінше, оқиға таңғы сағат 07:30 шамасында электр бағанасының етегінде қалдырылған жарылғыш зат мемлекеттік қызметкерлерді тасымалдаған автобустың өтіп барар тұсында жарылған. Тасымалдаушы көлікте 30 кісі болған. Жарылысқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Лаңкестік акт ­– болжамдардың бірі. Естеріңізге сала кетейік, Түркия екі күн бұрын Ирактың солтүстігінде «Күрдістан жұмысшы партиясының» (PKK) содырларына және Сирияда ДАИШ лаңкестік ұйымына қарсы жаңа операция бастаған еді.

"Жарылғыш зат электр бағанасының етегіне орналастырылған. Қашықтан басқарылғанын болжап отырмыз. Көліктің тап сол жерден өтіп бара жатқан тұсында жарылған. Өкінішке қарай, бір кісі қаза тапты, 4 кісі жарақат алды. Біреуінің жағдайы ауыр. Екі кісі алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханадан шығарылды", - дейді Бурса губернаторы Йакуп Жанболат.