11 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Halk TV 26 мамырда Мерсиннің губернаторы Али Гамзу Пехливанға сілтеме жасап айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Мерсин қаласында автобустың қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасында 11 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
"Мерсин губернаторы Пехливанның алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, тас жолдағы көлік апатында 11 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды", - делінген хабарламада.