Түркияда дауыл салдарынан провинциялардағы елді мекендер зардап шекті.
ERNUR.KZ. Ыстамбұлда ағаштар құлап, метроны су басты, ал Чанкырыда қатты жел мешіт мұнарасын қиратты, деп жазады tengritravel.kz.
4-ші аймақтық метеорология департаментінен алынған мәліметтерге қарағанда, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға, Кемер аймағындағы Сиглик шамшырағында 118 шақырымға жеткен.
Измирде күшті құйын тіркелді. Ыстамбұлда нөсер жаңбыр салдарынан Бахчелиэвлер ауданындағы метро станциясын су басты.
Дауыл Самсун, Корум, Кастамону, Амасья, Синоп сияқты елді мекендерде де соққан. Мұнда үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлап, көліктерге зақым келген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.