Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады: Қаза тапқандар бар

7
501

Полицияның мәліметінше, оқиғаға кінәлі микроавтобус жүргізушісі. Ол жол қиылысында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.


Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады: Қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ Түркияның Анталья курорттық провинциясындағы Алания қаласының маңында қазақстандық туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды, деп жазады Stan.kz.


Полицияның мәліметінше, оқиғаға кінәлі микроавтобус жүргізушісі. Ол жол қиылысында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті. Адамдар Алания мен Манавгаттағы ауруханаларға жеткізілді. Олардың алтауы ауыр жарақат алған. Ал гид пен Украина азаматы қаза тапқан.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Бүгін таңертең Аланияда жол бойында шағын автобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Барлық мән-жайды анықтау үшін, қандастарымыздың жағдайына байланысты консул бірден осы өңірге кетті", - деп жауап берді департаментте.