Анкарада 1274 адам дене жарақатын алғанын, Стамбулда 840 адам, Измирде 416 адам зардап шеккені айтылды.
ERNUR.KZ. Құрбан айттың бірінші күні Түркияда 16 мыңға жуық адам жарақат алды, деп жазады zakon.kz.
Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожидің айтуынша, олардың көпшілігі құрбан шалу кезінде жарақаттанған.
"Құрбан айт мерекесінің бірінші күні құрбандық малдарын сою кезінде алған жарақаттарына байланысты медициналық мекемелерге 16 мыңға жуық адам жүгінді", – деп жазды министр.
Ол Анкарада 1274 адам дене жарақатын алғанын, Стамбулда 840 адам, Измирде 416 адам зардап шеккенін айтты.