Бұл туралы Түркияның табиғи апаттар және төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) хабарлайды.
ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатия провинциясында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 16:04-те Батталғазы ауданында тіркелді. Сондай-ақ, жер сілкінісінің ошағы 13,93 шақырым тереңдікте болған.
Малатия әкімшілік-аумақтық аймағының губернаторы Эрсин Язджидің айтуынша, құрбандар, зардап шеккендер және қиратулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.