Түркияда Mastercard және Visa төлем жүйелеріне бойкот жарияланды

0
653

Елде жергілікті TROY карталарына сұраныс артуда.


Түркияда Mastercard және Visa төлем жүйелеріне бойкот жарияланды

ERNUR.KZ. Түркияда TROY төлем әдісі 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 19 миллионға жуық Troy логотипі бар карта бар, деп жазады inbusiness.kz.

Түркия тұрғындары Израиль тауарларына бойкот жариялауды жалғастыруда. Түрік халқы Mastercard және Visa батыс төлем жүйелерін пайдаланудан жаппай бас тарта бастады.

Yeni Safak басылымының мәліметінше, Батыс елдері Израильдің әрекеттеріне экономикалық қолдау көрсетуімен келіспейтін түрік азаматтары Mastercard және Visa карталарына бойкот жариялап, отандық Troy төлем әдісіне көшуде.

Тек 2023 жылдың қазан айында ғана елде алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Troy төлем карталары бойынша транзакция көлемі 17,4 миллиардқа өссе, қараша айында Түркияда 19 миллион Troy картасы шығарылды.