Түркияда өртенген қонақүйдің иесі қайғылы оқиғаға қызметкерлерді кінәлады: 15 адам қамауға алынды

0
1 069

Өрт салдарынан 78 адам қаза тапты.


Түркияда өртенген қонақүйдің иесі қайғылы оқиғаға қызметкерлерді кінәлады: 15 адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Түркиядағы тау шаңғысы курортында болған өрттен 78 адамның қаза табуына байланысты жүргізілген тергеу аясында 15 адам күдікті деп танылды, деп жазады Stan.kz.


Sabah газетінің мәліметінше, күдіктілер арасында Болу муниципалитеті мэрінің орынбасары Седат Гюленер және өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары Кенан Джошкун бар. Бес күдікті сот алдына келді.

2025 жылдың 25 қаңтарында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің сот жүйесі бұл оқиғаның барлық қыр-сырын анықтау үшін бар күшін салып жатқанын және мүлдем күмән қалмауы үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол өртке қатысты "саяси пікірталас" жасағандарға ар-ұятқа жүгінуді шақырды.

Өрт 21 қаңтарға қараған түні Болу қаласындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақ үйін шарпыды. Өрт салдарынан 78 адам қаза тапты.